Таусылуға таяндым
Бұл бетте «Таусылуға таяндым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таусылуға таяндым,
Ақтық бөздей жыртылған –
Өзімді өзім аяймын,
Ойша бағып сыртымнан.
Терек-бойым қысқарып,
Таппай тыным тұншықтым –
Шүйке-жүнмен құштанып,
Шырқ айналған ұршықпын.
Нелер өтті басымнан,
Болғаным жоқ түсініп –
Қан жұтқызған ғасырдан,
Қарадайын ұшынып.
Егіз тірлік сыңармын,
Тозған нудай сиредім –
Жылытады Мұнар-Күн,
Алатаудың бүйрегін.
Көрдегі сол Күніме,
Созсам – қолым жетпейді.
Құлындаған үні де,
Құлағымнан кетпейді...
...Амал іздеп аһ ұрдым,
Ұлы Арманда өтем бе?!
Кетіп бара жатырмын,
Бекер келіп, бекерге...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі