Жел өтінде
Бұл бетте «Жел өтінде» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жел өтінде
Жер бауырлап
Жаурадым –
Оңымда да,
Солымда да жоқ пана.
Қан жаудырып,
Қазан ұрған бау-бағын –
Батысым да,
Шығысым да – қап-қара.
Қазынасын
Асып-тасқан көңілдің
Талап жатыр,
Тонап жатыр жұт-шымал.
Талқысына түскен
Тағдыр-жебірдің –
Жаным-тәнім,
Жүрегім де – шұп-шұбар.
Қайғы-мұңға
Ой мен бойды алдырып,
Тозып біттім
Тозақты өмір сүре алмай –
Уын-зәрін тасқа шағып,
Шалдығып,
Құйрығына басын тыққан жыландай.
...Бүгінімнен –
Бұ Дүниемнен жерідім,
Ажал күтіп,
Ақырымды сұрадым –
Тірідейін
Күйін кештім Өлінің –
Енді, Маған
Не істе дейсің, Мұнарым?!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі