Тосқау таппай

Бұл бетте «Тосқау таппай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тосқау таппай
Уақытқа тез өткен,
Ағзаңды ыстап,
Өрт қаулайды өзектен.
Тағдыр-Нәсіп:
Біреу – ерте,
Біреу – кеш –
Туып жатыр,
Өліп жатыр кезекпен!
Тудың – өлдің...
Жауып тірлік қақпасын,
Тірейді Өмір Ақыретке ат басын.
Құрт-құмырсқа жеміт қылған Өлімді,
Күзетеді кірпік қақпай Көктасың!
Күзетеді...
Шығармайды уыстан,
Көктас –
Құдай қарғап қойған Зымыстан!
...Көк Аспанға
Жаның ығыр егеді,
Қара Жерден –
Тәнін іздеп суысқан!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері