Бас көтерді кәрілік
Бұл бетте «Бас көтерді кәрілік» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бас көтерді кәрілік,
Зәре-құтым ұшады –
Төрт құбылам тарынып,
Қос өкпемді қысады.
Күніменен,
Түніменен
Қалпым осы қорынған.
Күрсінемін,
Күңіренем –
Көремін өз сорымнан.
Барлық пәле – өзімде,
Мәгәс болдым дер едім:
Білмедім жас кезімде
Не істеуге керегін!
Бәрі бар да сұранып,
Тапсам-шы іздеп жоғымды –
Айдалаға лағып
Босқа атқанша оғымды?!
...Тап-тайқым,
Қу маңдайым,
Қонған бақтан айрылдың –
Тақылдап тек таңдайың,
Қыр арқаңнан майрылдың.
Құр ауаны қармайсың,
Билік кетіп, күш қашып –
Күні-түні зарлайсың,
Уақытпен ұстасып!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі