Сенсіз өткен уақытым – құр сергелдең

Бұл бетте «Сенсіз өткен уақытым – құр сергелдең» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сенсіз өткен уақытым – құр сергелдең,
Өзімді-өзім босатпаймын тергеуден:
Сенсіз қалай ауа жұтып, жер басып,
Сенсіз қалай өмір сүріп келгем мен?!
Өзің екен әннің нәші, жыр басы,
Өзің екен сезімімнің сырласы.
Өзің екен сырттанына еркектің
Жарға лайық жанның тәңір-тұлғасы!..
Қапелімде көзін жазып құсбегің,
Кеш кезіктің... Әттең!... Бармақ тістедім.
Сенсіз менің тастан қатты жұтқаным,
Сенсіз менің удан ащы ішкенім...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері