Табa hah
Бұл бетте «Табa hah» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазда оны жаңбырлы бұлт суарған,
Күзде оны күн пісіріп шығарған,
Жатыр алда күреңітіп таба нан
Қазақ үшін қасиетті құраннан.
Жатыр онда дымқыл иісі ауаның,
Жатыр онда қан мен сөлі даланың,
Жатыр желдің жұмсақ алақанымен,
Маңдай тері батыр диқан бабаның.
Солардың бар күш-қуаты өтеліп,
Жерден шықты қызыл мұхит от өріп,
Дастарқанға қойып жатыр қарт ана
Таба нанды күн сияқты көтеріп.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі