Сүйем сені
Бұл бетте «Сүйем сені» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйем сені –
Сүйгендей дерт тәнімді,
Сені ойласам –
Кеудемде өрт қабынды.
Көз жұмсам,
Көрем жалғыз бульварменен
Жабығып кетіп бара жатқаныңды.
Сүйем сені!..
Жер куә, Аспанменен,
Тоңазиды қуаты қашқан денем:
«Кісі жары –
Кісіге жар болмай ма,
Балапандай бауырыңа басқанменен?!»
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі