Соғыс жайын сұра сен
Бұл бетте «Соғыс жайын сұра сен» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгін тарих — жыр әсем
Қара шаштар қар шалған,
Соғыс жайын сұра сен,
Мың өлімді қарсы алған
Солдаттар мен маршалдан!
Соғыс жайын сұра сен,
Махаббаттан ерте өлген,
Жанған бір кез аспаннан,
Ормандардан өртенген,
Жараланған тастардан!
Соғыс жайын сұра сен,
Азынаған желдерден,
Қан боп жүзген көлдерден,
Көп адамды құшақтап,
Жатқан сонау дөңдерден!
Соғыс жайын сұра сен,
Бітпей қалған жырлардан,
Жағылмаған шамдардан,
Шашылмаған нұрлардан,
Атпай қалған таңдардан!
Соғыс жайын сұра сен,
Отамалы оттардан,
Жайпап өткен жер үстін,
Соңғы атылған оқтардан
Шашуы боп жеңістің!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі