Жалғыз дей алар мені кім – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жалғыз дей алар мені кім» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 1
  • 0
  • 3214
— Сіз үнемі неге жалғыз жүресіз?
— Жоқ мен жалғыз жүрмеймін.
(курортшылар кеңесінен)
Мен қазір жалғыз емеспін,
Сырды ашып, келсе кеңескің,
Суына барам Келестің.
Жалғыз деп жалған соқпаңдар,
Төңірегім толы көк талдар.
Төбемде күн бар серігім,
Жалғыз дей алар мені кім?
Тыңдаймын жырын құстардың,
Тыңдаймын қоңыр жел үнін...
Табиғат қоршап тұрғанда,
Жалғыз дей алар мені кім?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері