Бұл бетте «Келес» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тербеді Келес бір ай сырлар айтып,
Мен оны сыйғызармын жырға қайтып.
Су мені толқынымен сылап-сипап,
Арқамды сүйе берді күн қарайтып.
Алсын деп бәрін құйып зердесіне,
Шығарды кішкене тау кеудесіне.
Жарасып жақсылардан достық таптым,
Бұйырды талай үйден жел несібе.
Тал түсте Керімсалдың отты желі,
Лебімен талай желпіп өтті мені.
Хош Келес, алдан шығар өлең болып,
Ақынның өзінде өткен кеп күндері.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі