Сағыныш

Бұл бетте «Сағыныш» атты Салтанат Айдарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сенімен қоштастым,
Дейсің бе бұл жалған мәңгілік.
Жолыңды ешқашан тоспаспын
Деймін де тұрамын сағынып.

Мендегі адасқан ақ сезім,
Қариды өн бойды салып шоқ.
Күтеді таусылмай бұл төзім,
Кездесіп қалар деп кездейсоқ.

Жасыма, көңілім, күрсінбе,
Жігерлен мендегі ерен ой.
Өзіңді бір сынау үшін де,
Осылай қоштасу керек қой...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері