Таулары жатыр баянның – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Таулары жатыр баянның» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2055
Таулары жатыр Баянның
Көгінде сұңқар ақ бұлттар,
Жерінде Сұлтанмахмұттар,
Атамнан қалған аяулым —
Таулары жатыр Баянның.
Таулары жатыр Баянның
Ойында мәңі қалатын.
Ойында жасыл көлдер бар,
Жолында сынға салатын
Жонында асу белдер бар —
Таулары жатыр Баянның.
Таулары жатыр Баянның
Көк сағым болып көлеңдеп.
Алыстап кеткен армандай,
Айқайды күтіп елеңдеп,
Кермеде тұрған тарландай
Атамнан қалған аяулым —
Таулары жатыр Баянның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері