Бала марал – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бала марал» атты Сырбай Мәуленов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2653
Көркіне көлге түскен тау таңғалып,
Ай тұрды аспанында арқандалып.
Су ішіп Жасыбайдан бала марал,
Жасқанып екі көзі жаутаң қағып.
Секілді ол көптен күткен жан арманы,
Көз нұрым көркіне бір қана алмады.
Мен оны ата алмадым, уа тәңірі-ай,
Елімнің аз ғой сендей маралдары.
Сен мені терең ойға батырасың,
Басына Баян таудың шақырасың.
Кер марал, бір көрін де жоқ боп кетші,
Талайлар бір ата алмай қапы қалсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала марал өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бала марал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала марал өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала марал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері