Алтай таулары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алтай таулары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4626
Ақ қайың қызыл шырпылы
Жолымды күтті жеңгелер.
Кеудеме құйды күлкіні
Сылдырап бұлақ — теңгелер.
Алтайдың алтын көзіндей
Бұлдырап құзды жақпарлар,
Мөлдіреп түстің көзіндей
Үлбіреп тұрды ақ таулар.
Жамылды ол бірде сағымды,
Жасырып жүзін таптырмай.
Алыстан бірде шалынды
Айдында жүзген аққудай.
Көк теңіз, көк ну саялы
Төсінде сән мен салтанат.
Алтай бір алып балғы —
Алтынын тұрған арқалап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтай таулары өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алтай таулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтай таулары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтай таулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері