Бестау жақта бұлт ойнап

Бұл бетте «Бестау жақта бұлт ойнап» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2344
Қорқытпа мені дауылдан.
Бунин.
Қабағы қалың қара бұлт,
Бестауды жауып бүтіндей
Келеді түсі қабарып,
Будақтап ұшқан түтіндей.
Қоқаңдап бекер ол байғұс
Суырар қыннан қылышын.
Бестауды билеп қандай күш
Тарылта алар тынысын?!
Мың отқа кіріп күніне,
Мың оққа қарсы ол атылған.
Жетер деп бұлттар түбіме
Тобы жоқ құрап шақырған.
Кезбе бұлт түсте ауады
Жел сапырып, қаңғырып,
Күзетіп жасыл даланы
Тұрады Бестау мәңгілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бестау жақта бұлт ойнап өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бестау жақта бұлт ойнап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бестау жақта бұлт ойнап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бестау жақта бұлт ойнап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері