Алтай таулары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алтай таулары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4698
Ақ қайың қызыл шырпылы
Жолымды күтті жеңгелер.
Кеудеме құйды күлкіні
Сылдырап бұлақ — теңгелер.
Алтайдың алтын көзіндей
Бұлдырап құзды жақпарлар,
Мөлдіреп түстің көзіндей
Үлбіреп тұрды ақ таулар.
Жамылды ол бірде сағымды,
Жасырып жүзін таптырмай.
Алыстан бірде шалынды
Айдында жүзген аққудай.
Көк теңіз, көк ну саялы
Төсінде сән мен салтанат.
Алтай бір алып балғы —
Алтынын тұрған арқалап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері