Отырмысың, жатырмысың
Бұл бетте «Отырмысың, жатырмысың» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отырмысың, жатырмысың,
Жаным, қандай күйдесің?
Жалғыздықпен ақыл-күшім
Таба алмады үйлесім!
Өрулі ме, ерулі ме
Қара шашың – қара түн?
Қойдың көңіл бөлуді де,
Қырқылғандай қанатым.
Ақын жанның сүйіктісі,
Күтсем талмай бар ма айып?
Сағыныштың ұйытқысы –
Алтындай саф сарғайып.
Бостандыққа болмай ма айла,
Балақ баулы ақ құсым?!
Қай шақтасың, қандай жайда,
Шаршаумысың, шатпысың?!.
Күтем сені топырақ нәрін,
Жапырақ әрін күткендей.
Шырағданша тоқырап жалын,
Жана-жана біткендей...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі