Жабығып көптен жүр едім
Бұл бетте «Жабығып көптен жүр едім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жабығып көптен жүр едім,
Жат болмай шықтың, жоқ айып.
Орнына түсті жүрегім,
Көңілім қамсыз тоғайып.
Кеудемде бұлбұл сайрады,
Тұтылған Айға Күн шығып,
Көтерді шабыт байрағын,
Күтінген жырлар тұншығып.
Жанымның кіріп ажары,
Күдіктің тілі байланып,
Қайнады тірлік қазаны,
Бейсабыр дүние жайланып...
Жарлыдай жарты байыдым,
Көркіңе сырттан тойынып –
Жиылмас әсте айылым,
Қара жер кетсе ойылып!
Күн кешпен енді бұйығы,
Түссе де көктің жасыны.
Тартса да тағдыр ұйығы,
Буса да дерттің басыры!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі