Тегінде, сен де жартысың

Бұл бетте «Тегінде, сен де жартысың» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тегінде, сен де жартысың,
Тегінде, мен де жартымын –
Бөлінбес Бүтін боп алдық.
Сенің де басың байлаулы,
Менің де басым байлаулы,
Босанып кетсек – жоғалдық...
Сенің де күнің күн емес,
Менің де күнім күн емес –
Кірпігін ілмес күтініп.
Алдымыз – қалың қара орман,
Артымыз – шөл – көзі аларған –
Кететін жол жоқ құтылып.
Қаптаған жұрттың сөзіне
Қара орман қалқан болмайды.
Шыдар ек шөлдің тезіне
Қайырсыз түбі – сол қайғы –
Тебіндеп өскен көк шыбық
Төгіліп гүлі сорлайды!
Болмайды, жаным, болмайды!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері