Жас жұбайлар

Бұл бетте «Жас жұбайлар» атты Өтеген Оралбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққайыңның төгіліп нұр шашағы,
Алаңқайды ақ қанат гүл басады.
Алақанға қондырған ақ сезімін,
Жас жұбайлар жарасып сырласады.

Қайырмасы:
Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар.
Ақ тілек, батамыз мінеки,
Бақытты болыңдар, болыңда!

Бірін-бірі көргендей алғашқы рет,
Көп қарайды жанымды ұғыншы деп.
Қалқатайын аймалап күйеу жігіт,
Қалыңдық тұр күнәсіз күлімсіреп.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер