Арман жолдар
Бұл бетте «Арман жолдар» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,
Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.
Сен адастырма, арманым, жол бастаған,
Үйреттің өмір сырын алғаш маған.
Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,
Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.
Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,
Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.
Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.
Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.
Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,
Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі