Ағажан

Бұл бетте «Ағажан» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бәйтеректей саялы, алақаны аялы,
Маңдайымнан сипаған менің.
Қамқор аға әкедей,
Еркелеткен мәпелей,
Тілегіңнен сый табам сенің.
Қарлығаштай қанатың,
Талмай, тынбай қағатын,
Жасымаған көзіңе сенем.
Жетеледің, жеткіздің,
Қарызымыз көп біздің,
Асыл ағам, өзіңе сенем.

Қайырмасы:
Құтты болсын, ағажан қуанышың,
Азамат боп ер жетті-ау жұбанышың.
Өміріңнің шырағын сөндірмесін,
Көңіліңнің жалғасын ұлы ағысын.

Бізді ойлап жүргенде,
Байқатпастан бір демде,
Ер жетіпті-ау, ұл-қызың бүгін.
Кір шалмаған арыңмен,
Жаздай сұлу жарыңмен,
Жана берсін берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңды аңсадық,
Қызмет қып жан салып,
Еріп келем ізіңмен сенің,
Тойың тойға ұлассын,
Бақ-дәулетің қыр ассын,
Нұр таймасын жүзіңнен сенің.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері