Солдат сағынышы

Бұл бетте «Солдат сағынышы» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәлем ал алыстан,
Солдатпын мен бүгін.
Қайдасың, қарындас,
Кездесер келді күн.

Қайырмасы:
Арнаулы осы әнім, ардақтап атыңды,
Асыға күтемін, кел деген хатыңды.
Хат алмай өзіңнен, аңсауым арылмас,
Күт мені, күт мені, қадірлі қарындас.

Көз ілмей түн қаттым,
Ел үшін, сен үшін.
Келер еді тіл - хатың,
Ұнатсаң мені шын.

Қайырмасы

Көліңе кұс қонып,
Гүл өсті қыратта.
Барар ем құс болып,
Хабар жоқ бірақ та.

Қайырмасы

Сағынтып өзіңді,
Жылдан соң жыл өтті.
Айт жылы сөзіңді,
Жүдетпей жүректі.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері