Ақыл-ойдың кемеңгері

Бұл бетте «Ақыл-ойдың кемеңгері» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тылсым сырын тарихтың тереңдегі,
Ашып берген тың дерек әр еңбегі,
Жер-жаһанды шарлаған көпті көріп,
Қадырғали ақыл-ой кемеңгері.
Таза қазақ қанынан жаратылған,
Заманында тым зерек дара тұған,
Қолбасшы да, ғалым да бола білген,
Әлемге аян бүгінде дана тұлған

Қайырмасы:
Сан ғасыр алмасқан,
Ұрпаққа жалғасқан,
Заңғар ойы өрелі.
Тот баспас алдаспан,
Асыл сөз берені,
Білгірлер ерені,
Келіскен кемелі
Өркенді ел өрені.
Қадырғали Жалайыр
Даналықтың кенені.

Данагөйсің тұлғалы, кеуден биік,
Күн шуағын санаға берген құйып.
Көне тарих қырлары сараланған,
Қанықтырды ақиқат зердеңде ұйып.
Жері менен елі үшін тірескен ер,
Бір кісідей соңына ілескен ел.
Білек күшін, найза ұшып жауға сілтеп,
Әділдіктің жолында күрескен ер.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері