Біз ұланбыз

Бұл бетте «Біз ұланбыз» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қуат алып сайын дала даңқынан,
Біз ұланбыз жаратылған жарқылдан,
Ерлік – өрлік дәстүрімен шындалып,
Жарқын өмір болашаққа талпынған.

Қайырмасы:
Жанар таудай жалынды,
Құлашы кең қарымды,
Ойы зерек, дара үнді,
Қыраны біз, ұланыбіз,
Ұлы елдің дарынды.

Барша жанды сүйсіндірген салтымыз,
Әлемге аян асқақтаған данқымыз.
Арманы асқақ, қиялы ұшқыр ұланбыз,
Тәуелсіз ел- Қазақстан халқы Біз.

Қайырмасы

Ақ қанатты пәк арманы шыңды асқан.
Ғарыштан да таңғажайып сырды ашқан,
Ақорданың шуағымен нұрланған,
Жеріміз де, еліміз де жыр – дастан.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері