Сəуірдің атып ақ таңы,
Атамыз бағын баптады.
Бой түзеп өсіп қалыпты
Жемісті ағаш бақтағы.
Су тасып құйдым шелекпен,
Былтырғы жылы мен еккен
Алмұрт пен алма гүлдеп тұр,
Оранып жасыл желекпен.
Бақшаны атам баптайды,
Күн бойы тыным таппайды.
– Бағбанның күткен бағын-ай,
– Деп ауыл-аймақ мақтайды.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі