Домбыра
Бұл бетте «Домбыра» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домбыра күйі мəңгілік,
Ғасырдан ғасыр жаңғырып,
Сөйлейді баба тілінде,
Сазымен тəтті таң қылып.
Бар сырын байтақ даланың,
Жеткізген үнін бабамның,
Қос ішек үні құдірет
Баураған жанын адамның.
Күмбірлеп кетсе күй деген,
Толқисың сыймай үйге кең.
Кең байтақ елдің тағдырын,
Тарихын күйден үйренем.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі