Алғашқы қадам

Бұл бетте «Алғашқы қадам» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір,
Екі,
Үш,
Ал атта!
Тұрма қарап, бол, атта!
Аттай қойшы, құлыным,
Керек енді жүруің.

Бір,
Екі,
Үш,
Келе ғой,
Құшағыма ене ғой,
Аттағаның осы-ақ па,
Жаттықсаң сен үш апта,
Жылдам жүріп кетесің.
Мені қуып жетесің.

Бір,
Екі,
Үш,
Ал тыңда!
Алға атта, талпында.
Бекем ұста дізеңді,
Күтіп тұрмыз біз енді.

Тек қимылда батылдау,
Бөпем менің батыр-ау!
Кәне, тәй-тәй, жүре ғой,
Мәз-мейрам боп кұле ғой.

Алға қарай басқанда,
Ештеңеден жасқанба.
Міне, міне, жарадың,
Үш-төрт бастың, санадым.

Адымға адым жалғасы,
Қаз-қаз басқан алғашқы,
Құтты болсын қадамың,
Дәу жігіт бол, қарағым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері