Тұсауыңды кестік біз
Бұл бетте «Тұсауыңды кестік біз» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяқ басса біріндеп,
Қос тізесі дірілдеп.
Қолдары да қалықтап,
Аттай алмас анықтап.
Қозғалам деп шұғыл тым,
Байқаусызда жығылдың.
- Әуп де де түрегел,
Асықпай бас, жүре бер.
Жығылдым деп жылама,
Енді гәрі құлама, -
Дейміз біздер, - тәй басып,
Алға атта жәй басып.
Қаз-қаз басса кідірмей,
Жүгіргенде мүдірмей,
Өссін бөпем есейіп,
Күрмеу жібін шешейік, -
Деп ағайын жиналып,
Өзіңе арнап сый алып,
Тұсауыңда кестік біз,
Құтты болсын дестік біз.
Көріп аяқ басуын,
Тұсау кесер шашуын,
Ақ әжелер шашты көп,
Ән мен күйге басты кеп.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі