Антоним

Бұл бетте «Антоним» атты Айнахан Есет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жер дегенді көр деп қана ұғатын,
Кесір жатын Көрдемшені туатын.
Жамандықты, надандықты халқым-ау,
Жұқтырып-ап азаюда қуатың.
Жер дегенді елім ғой деп ұғатын,
Азат ұлды алтын құрсақ туатын.
Ақ сүт емген текті ұрпақпен тек қана,
Орындалмақ елім арман мұратың.
Керней-керней көкірекке кек толған,
Ірке алмаспын ілкі сөзді кеп қалған,
Текті ұрпаққа тиесілі жерімді.
Жемқор заман жеп қойған.
Меншік болған әлдекімге күміс көл,
Қорғап еді жер мен көлді үмітті Ер,
Мынау жердің батырлығы, байлығы,
Қара қазақ баласына жұғысты ол!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері