Ана арманы
Бұл бетте «Ана арманы» атты Айнахан Есет жазған ана туралы өлең берілген.
Қырық қыздың сәні бар мәнерінде,
Қырық қыздың сыры бар әлемінде.
Бесігінде ұлыма атастырған,
Дәл осындай қалыңдық бар елімде.
Ай жүзіне бұрылып күн қараған,
Тұлғасына шынардай шың қараған,
Ақ баталы жолымен бұрынғының,
Қалың малын айдатқан мырзам оған.
Балын татып бақыттың балбырадым,
Ән мен күйден сусынды қандырамын.
Қырық күн той, отыз күн ойын жасап,
Ырза қылу жұртымды бар мұрадым.
Салтанатын құрады салтым әлі,
Жас жүректе иба мен ар тұнады.
Сол келінім ана боп алтын құрсақ,
Тал бесікте ер ұлан талпынады.
Ұлы дала ұл жайын салады еске,
Ел керуенге ілесті дара көш пе!
Ата-баба қалдырған қалың жұрттан
Орын таба алар ма со нәресте?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі