Бұл бетте «Бестау бауырында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспанға сырлы жебедей
Шаншылып қалған көк таулар.
Толқынға батқан кемедей
Бұлттарға батпай тоқтаңдар!
Сүйгендей таңғы сәулені
Ғашықпын, таулар, сендерге.
Қарағай исі, тау желі
Тулайды менің кеудемде.
Бүршігін шашып ұшқындап,
Тулайды шипа суларың.
Өлеңім мұнда күш шыңдап,
Шулайды ұйқас, ырғағым.
Денеге қонған ем болып,
Сулары нәрлі, жер бұл құт!
Кавказда таңғы жел болып,
Ұшып жүр Демон-Лермонтов!
Айтады оның өлеңін
Өзен мен орман таңғы шақ.
Кавказдың шолып көлемін,
Тұрады ол сонау тауға ұсап.
Келеді ол асқақ жырменен
Жылдарды аттап қиырдан.
Музаны ол көзге ілмеген
Муза оған қайта сыйынған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі