Шыдам

Бұл бетте «Шыдам» атты Айнахан Есет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Желең көйлек серуенімді жаздайғы,
Тәмәмдайды мына күз.
Жырлай берме адал албырт жағдайды,
Қажет емес құр аңыз.
Шыдамаған өрт құшақты шілдеге,
Ортақ екен кінәміз.
Күшіне енген күз жайлы енді дым деме,
Тағы да сәл шыдаңыз.
Мына желдің өтті-ау әбден ызасы,
Бағзы әдеті қайтерсің.
Жағымпаздың жолы жеңіл расы,
Білсе де ел кер кейпін.
Құлап еді-ау табанына жаздың да,
Лебін, демін білдірмей.
Безектеп жүр күздің арты алдында,
Түлкі бұлаң ілдірмей.
Неткен жайлы, неткен жұмақ мына күз.
Астық азаң қырманда.
Әрпіл-тәрпіл жайды қалай ұғамыз.
Шын айтар кім бұл маңда?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері