Жан шуағы
Бұл бетте «Жан шуағы» атты Айнахан Есет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынышты сазы бар бір ән көшіп,
Күз жеңешем тербейді тұман бесік.
Сары даланың ұйытқан тұла бойын,
Мезгілім тұр тағы да шыдам кешіп.
Арманға арзу адам боп жаралғасын,
Мына күйден аулақта қала алмаспын.
Адастырған тұманның арасында,
Құсни ғұмыр құштар боп амандастым.
Мұнар мұңға айқұшақ жаямын да,
Тербетемін аялап саялы бақ!
Аяусыз ауыртсаң да жүрегімді,
Кешкенмін, кешіргенмін баяғы да-ақ.
Жан шуағы мизам нұр себездеген,
Дидарың тұр көңілде көнермеген.
Қыр қызының мінезі, шын болмысы
Хабарсыз кеткен болсам егер де мен.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі