Әйей бөпем
Бұл бетте «Әйей бөпем» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тарап едім шашыңды,
Көрікті етті басыңды.
Әйей бөпем, әй бөпем.
Көйлегіңнің гүлі де,
Жарасады түріңе,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Шырай берген өзіңе,
Мөлдірейді көзің де,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Мұрының да қырланып,
Жүзің де тұр нұрланып,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Қуыршағын күтеді,
Кейде жүн де түтеді,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Қарындашты ұштады,
Бәрін таза ұстайды,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Толтырып дәу бір бетті,
Салдың талай суретті,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Айтқан сөзді құп алып,
Тіл алады қуанып,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Кіші інісін жылауық,
Жұбатады бір ауық,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Әкесінің күні ғой,
Анасының гүлі ғой,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Әжесінің үні ғой,
Ал маған ол іні ғой,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Талабың да дәу, інім,
Сені күтер дәуірің,
Әйей бөпем, әй бөпем.
Әйей болып өсе бер,
Сені әйей десін ел,
Әйей бөпем, әй бөпем.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі