Алақаны аялы
Бұл бетте «Алақаны аялы» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Ақ сүтімен өсірген.
Еркелесем мәрт көріп.
Қатемді де кешірген,
Анам менің асыл жан.
Жүрегінің шуағын,
Аямаған елінен.
Ана жолын қуамын,
Биіктерден көрінем,
Қиындықтан жасыман.
Бір сәт қабақ шытпайды,
Шаршаса да ол тегі.
Маңдайымнан сыйпайды,
Мейірімін мол төгіп,
Кетсем де алыс қасынан.
Алақаны аялы
Сыйпағанда шаттанам.
Құшағы кең сайлы,
Сыйлайды тек бақ маған,
Мәңгі жаса, ақ анам!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі