Бүркітті – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бүркітті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2142
Көкшетаудың қасында
Биік емес бұл тіпті,
Бұлты да жоқ басында,
Бірақ аты Бүркітті.
Одан сонша кім күткен
Сыр бар деп бір ғаламат,
Ұя салған бүркіттер
Бүркіттіні қалап ап.
Боранды да қарсы алып.
Желде бойы жеңілдеп,
Балапандар ән салып,
Су ішеді, жемін жеп.
Көрші таудан бұлт ауып,
Кетсе кенет күн жауып,
Сілкінеді бұрқанып
Қапаттарын бір қағып.
Жаңғырығын кетеді
Сол мезетте Бүркітті.
Бүркіттердің мекені
Қасиетті бұл құтты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері