Бес саусақ пен қол

Бұл бетте «Бес саусақ пен қол» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Басбармақ:
- Кәне, мен гүл егейін, - деді,
Балан үйрек:
- Шұңқыр қазып берейін, - деді.
Ортан терек:
- Топырақ, қи төгейін, - деді.
Шылдыр шүмек:
- Түбін көміп, су себейін, - деді,
Кішкене бөбек:
- Күнде күтіп жүрейін, - деді.
Қол:
- Бәріңе бірлік тілейін, - деді.
Өстіп олар бірлесіп,
Кең алаңға гүл екті.
Қызыл-жасыл гүл өсіп,
Көше бойын түлетті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері