Бақытты балалық шақ
Бұл бетте «Бақытты балалық шақ» атты Жұмағали Тұрбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарастықпен жайнатып өмір көркін,
Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,
Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз, басып алға,
Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Бостандық туы желбіреп қолымызда.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі