Жас дәуірдің түлегіміз
Бұл бетте «Жас дәуірдің түлегіміз» атты Ермек Өтетілеуов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бау, бақша, белдер,
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз! (2 рет)
Өзіміз туған,
Көбелек қуған –
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып –
Білімді адам боламыз.
Қайырмасы.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі