Малдың баласын сүюі
Бұл бетте «Малдың баласын сүюі» өлеңінің мәтіні және толық мазмұны берілген.
Қой сүйеді баласын: «Қоңырым, – деп, –
Ештеңені білмейтін момыным», – деп.
Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым! – деп, –
Қараңғыға баспаған қорқағым», – деп.
Түйе сүйеді баласын: «Боташым! – деп, –
Жәудіреген көзіңнен, тоташым», – деп.
Ешкі сүйеді баласын: «Лағым! – деп, –
Тастан-тасқа секірген, шұнағым», – деп.
Жылқы сүйеді баласын: «Құлыным! – деп, –
Тұлпар болып жүгірер жұлыным», – деп.
Өте күшті
Қарға жоқпа
Жылқы жұлыным деп сүймейді ау.Саным деп себебі аяғының етімен жүгіреді ғой^_^