Сиыр

Бұл бетте «Сиыр» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төрт түліктің біріміз,
Сиыр деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Зеңгібаба»
Піріміз.

Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жаның сүйінген.
Ірімшік пенен құрт, майы
Жегенде тілді үйірген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері