Түйе

Бұл бетте «Түйе» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын тең басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен.
Алабота жегені,
Ащы қурай, теріскен.
«Шөк!» – дегенде: «Бық», – деген.
Шешіп үйін жүктеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері