Хас шындықты жыр еттім

Бұл бетте «Хас шындықты жыр еттім» атты Иран-Ғайып жазған поэзия туралы өлең берілген.

Хас шындықты жыр еттім,
Қапыл кетсем – нан ұрсын!
Жетім, жүдеу жүректің
Датын тыңда, әміршім?!
Бүршік жарып, гүл атып,
Көтереді сезім бой –
Жасыл туын құлатып
Кетер болсаң – көзімді ой!
Күн тұншыққан кеудемде
Жанартаулы жасын бар –
Құр сайраған шерменде
Етер болсаң – басымды ал!
...Қам көңілдің қалпын тап,
Соры қалың бағыма?!
Ақын жаны – Алтын Тақ,
Тағыңа қон, Тағыңа!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері