Талыс ем – қара күш

Бұл бетте «Талыс ем – қара күш» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Талыс ем – қара күш,
Тоздым, таусылдым.
Өртеніп барады іш,
Аурумын – аусылмын.
Тәуелсіз заманның
Тәңірі – Өтірік.
Тұйыққа қамалдым,
Өгіздей өкіріп.
Алдымды арт қылып,
Тұлдырсыз тағы деп,
Жіберген тарттырып –
Тағдырға – лағнет!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері