Қараөткел. Әкбар Рысқұлов
Бұл бетте «Қараөткел. Әкбар Рысқұлов» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анадан ақын туған Әкбар досым,
Тізгіндес,
үзеңгілес,
көкпарласым,
Тұғырда қыраныңды түлетесің
Топқа сап жүргенде жұрт көк қарғасын.
Қолдағы қырандай ғой
Елші деген,
Сарабдал саясатты еншілеген.
Айта алмай,
ақтара алмай аһ ұрасың
«Көңілде сырың болса көншімеген.
Сонау жыл кездестік те сағынысып,
Елімді көрсетіп ем алып-ұшып.
Зайсанның тауларында толғанып ек
Бұғының мүйізінің қанын ішіп.
Есте ме,
Татып алып шарап дәмін,
Қоймап ек Қара Ертістің шабақтарын.
Туған жер бұрымына қайшы тиіп,
Келіп жүр бұл жалғанды адақтағым.
Көйлегі ақын жанның көктемдей көк,
Қар жауса көкорайға неткен бейнет?
Есімде Ыстықкөл деп қайғырғаның,
Ішіңе у құйылып кеткендей боп.
Ақынның әр сөзінің атасы бар,
Елшілер — сынық салар оташылар.
Екі елдің бел баласы, тел ақыны,
Қазақтың үш биінің батасын ал.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі