Ленин алақаны – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин алақаны» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2580
Тулайды теңіздер,
Шулайды ормандар,
Шешек атады жас гүлдер,
Жапырақ жаяды жас құрма —
Ленин алақанының астында.
Ленин алақаны —
Күн тұғыры,
Ай алаңы,
Жер шары аясында айналады.
Ленин алақанында
Таң жүзеді
Жаралған қардай нұрдан.
Ленин алақаны
Тербетеді жыр болып бесіктерді,
Ашады ақ нұр болып есіктерді.
Сипайды жетімдерді маңдайынан.
Түр-түсінен даланың,
Күлкісінен баланың,
Күлкісінен кәрі атаның,
Лениннің сезесің алақанын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері