Зайсан. Зілзала
Бұл бетте «Зайсан. Зілзала» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тегеранға
аттанамын мен қазір,
алып ұшақ арқырайды жолға әзір.
«Жер тағы да сілкінді, деп Зайсанда»,
сөз қылды жұрт.,
әзіл емес,
қайда әзіл?
Ішім іріп, бөлінді ғой ой санға,
жан-жүрегім жөнеп кетті Зайсанға.
«Жағадан ап сілкілердей жерімді,
не жаздық?» деп,
хаққа сұрақ қойсам ба?
Амал бар ма ағайыннан хал сұрар,
хал сұрамай қалай ғана жан шыдар?
қанша жерден тасбауыр боп кетсе де
Тәңірдің де туған жері бар шығар?
Ет-жүрегім түскен сынды пышаққа,
мен отырмын,
неге отырмын ұшақта?
Ақша бұлттар сырғып жатыр әйнектен,
сәл ұмсынсам толатындай құшаққа.
Мен отырмын көк аспандай жыртылып,
жанарыма жас кеп қалды іркіліп,
сонау-сонау...
ақша бұлттар астында
жатыр менің туған жерім сілкініп...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі