Алматы. Ақпан
Бұл бетте «Алматы. Ақпан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Терезені ашып ем қар ұшып кірді,
Бөлмені басқан буменен жарысып кірді,
Мұнарлы түнде қан-сөлсіз қылаңытқан Ай,
Ат жүйріктей боп аспанға жабысып тұрды.
Тұншығып қалған бір әлем — құпия бәрі,
Жұмбағын шешіп кім оны түсіне алады?
Түрікпендердің төңкерген қауға бөркіндей
Қарауытады бұтақта құс ұялары.
Бетіме қонған мамық қар еріп барады,
Жербауырлаған аппақ бу тобық қағады.
Жұмыртқа басқан сиқырлы самұрықтай боп,
Тыныштық жатыр түбіті көміп қаланы.
...Зілзала өтіп, Зайсанда ақсарбас сойып,
Қауқылдап ауыл жатыр-ау
бас, жамбас қойып.
...Қар жауған түнгі қаланың көшесіне ұқсар,
Көңілім менің тапталар-тапталмас болып.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі