Ескі қаламен қоштасу
Бұл бетте «Ескі қаламен қоштасу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
С.Бәйтерековке
Бақытты сәттей боп қас-қағым,
Алматым, сенде өтті жас шағым.
Ұмытпас мені де
Медеуім, Тастағым.
Арманға құшақты ашып көп,
Өртенгем мен дағы ғашық боп,
Жұлдыздан шашуын
Тұратын шашып көк.
Қимастан нөсерлі
Көшеңді,
Алматым, аттандым,
Хош енді.
Ғажаптар таласқан көкпенен,
Алматым, өзіңе жетпеген.
Мен саған оралам,
Алатау, Көктөбем.
Самалы желпіген саялы,
Күндерді аңсаймын баяғы.
Басқа әлем алдымнан
Құшағын жаяды.
Қимастан нөсерлі
Көшеңді,
Алматым, аттандым,
Хош енді.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі